Posted 1 day ago
Қаржы және бюджеттеу жөніндегі аға менеджер
AI Summary
Manages school budgeting and finance, preparing budget submissions, monitoring budget execution, entering data into 1C, and preparing financial reports and presentations for school leadership.
About this role
Қаржы және бюджеттеу жөніндегі аға менеджер
Жоғары білім беру мектебі (GSE) — Қазақстанда, Орталық Азия мен Кавказда №1, ТМД елдері арасында №4 орын алған және Times Higher Education World University Rankings 2025 бойынша әлемде 176–200 қатарында тұрған жетекші жоғары оқу орны. GSE сапалы оқыту, ғылыми зерттеулер және академиялық көшбасшылық арқылы білім берудің барлық деңгейінде ойлау, саясат және тәжірибеде оң өзгерістер енгізетін, халықаралық деңгейдегі ықпалды аспиранттық мектеп болуға ұмтылады.
GSE үш академиялық бағдарлама ұсынады: Мектептік білім, Жоғары білім және Инклюзивті білім салалары бойынша білім беру көшбасшылығы магистрі (Master of Science in Educational Leadership); Көптілді білім беру магистрі (Master of Arts in Multilingual Education); және Білім беру философиясы докторы (Doctor of Philosophy in Education). Бұл үш бағдарлама да Ұлыбританияның Сапаны қамтамасыз ету агенттігі (Quality Assurance Agency, QAA) аккредиттеуінен өтті. Бағдарламалар Қазақстан мен шетелдегі білім беру жүйесін қалыптастыруға қабілетті, көреген көшбасшыларды, өзгерістер агенттерін және саясатқа ықпал етушілерді дайындауға мұқият жобаланған.
GSE оқытушылар мен қызметкерлерге өз мансабында өсуге қолайлы жағдай жасайды. Ол ынтымақтастықты, инновацияны және кәсіби өсуді бағалайтын әріптестік және қолдау мәдениетін дамытады. Оқытушылар мен қызметкерлерді сапалы оқыту, әкімшілік жұмыс, әсерлі зерттеулер және мағыналы қызметпен айналысуға ынталандырады, бұл күшті институционалды ресурстар мен көшбасшылықпен қамтамасыз етілген.
Аға менеджерге мынадай функциялар жүктеледі:
1) тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге Мектептің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру;
2) Мектеп басшылығына тиісті қаржы жылына арналған Мектеп бюджетінің уақтылы және мақсатты орындалуын бақылауда жәрдемдесу;
3) бекітілген бюджет деректерін, бюджетке және орта мерзімді бюджеттік өтінімдерге түзетулерді 1С-ке енгізу, сондай-ақ бюджет бойынша есептерді қалыптастыру;
4) өзінің құзыреті шегінде Мектептің басшылығына арналған жиынтық есептерге, таныстырылымдарға анықтамалар, ақпараттық және аналитикалық материалдарды дайындау;
5) өзінің құзыреті шегінде Мектептің шарттарының және басқа да құжаттарының жобаларын қарау және келісу;
6) сатып алу өткізуге туралы өтінімдерді қалыптастыру және дайындау;
7) өзінің құзыреті шегінде басқа құжаттар мен есептерді белгіленген мерзімдерде дайындау;
8) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
9) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
10) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшысы және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
Qualifications
Білімі
Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс
Мамандықтардың басым бағыттары:
- экономика;
- қаржы;
- бухгалтерлік есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі
- магистр дәрежесімен – көрсетілген қызметтік міндеттіліктерге сәйкес келетін салада 3 жылдан кем емес еңбек өтілі;
- бакалвр немесе маман дәрежесімен мамандық бойынша еңбек өтілі халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазым бойынша сәйкес келетін салада 5 жылдан кем емес еңбек өтілі
Кәсіптік құзыреті
- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;
- Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасын білу;
- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;
- аналитикалық жазбаларды дайындау дағдылары;
- уақытты тиімді басқару дағдылары;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру.
Additional Information
Жеке қасиеттері
- тиімді қарым-қатынас құру;
- тіл табыса білу;
- командада жұмыс істеу;
- жауапкершілік;
- аналитикалық дағдылар;
- жұмыста егжей-тегжейге көңіл бөлу.
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include preliminary selection based on experience and qualifications, followed by assessments and formal interviews. Formal interviews are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
Skills
Explore related jobs
More jobs at Nazarbayev University
- NHR Business PartnerAstana, Kazakhstan
- NАкадемиялық және студенттік істер жөніндегі аға менеджер (оқу демалысы кезеңіне)Astana, ASTANA
- NСтарший менеджер по академическим и студенческим делам (на время учебного отпуска)Astana, ASTANA
- NСтарший менеджер по финансам и бюджетированиюAstana, ASTANA
- NSenior Manager for Finance and BudgetingAstana, ASTANA
- NАссистент лаборатории (временная позиция)Astana, ASTANA
Similar Budgeting jobs
Jobs in Astana
Browse these categories
Market data for this role
All reports →- SeriesRole reportsOne role family at a time: how many openings, what changed this week, who is hiring, what it pays.
- SeriesSalary reportsWhat employers publish in job postings, by level and workplace. Not self-reported pay.
- Market overviewState of tech hiring, September 2026: up 4.8%Tech hiring rose 4.8% month over month in September 2026, with 411,122 new listings. Customer support and account executive roles led the growth.